

Studiuj dzięki licznym zasobom udostępnionym na Docsity
Zdobywaj punkty, pomagając innym studentom lub wykup je w ramach planu Premium
Przygotuj się do egzaminów
Studiuj dzięki licznym zasobom udostępnionym na Docsity
Otrzymaj punkty, aby pobrać
Zdobywaj punkty, pomagając innym studentom lub wykup je w ramach planu Premium
Społeczność
Odkryj najlepsze uniwersytety w twoim kraju, według użytkowników Docsity
Bezpłatne poradniki
Pobierz bezpłatnie nasze przewodniki na temat technik studiowania, metod panowania nad stresem, wskazówki do przygotowania do prac magisterskich opracowane przez wykładowców Docsity
AUTOR ME ESSAY OF HISTORY KAZAKH
Typologia: Schematy
1 / 2
Ta strona nie jest widoczna w podglądzie
Nie przegap ważnych części!
Аты-жөні:Сагынбаева Еркеназ Дәріс уақыты:Бейсенбі 15:00-17: Ақ Орда – Қазақ хандығының қара шаңырағы Ақ Орда – қазақ тарихындағы аса маңызды мемлекеттердің бірі, оның рөлі мен маңызы қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін айқындайды. Бұл мемлекет қазақ халқының ерте кезеңдеріндегі тәуелсіздік күресінің, әлеуметтік- экономикалық дамуы мен мәдениетінің күрделі кезеңін бейнелейді. Ақ Орда мен оның тарихи маңызына үңілсек, қазақ халқының мемлекеттік дәстүрлері мен қазақ хандарының билікті жүзеге асырудағы іс-әрекеттері туралы көп нәрсені аңғаруға болады. Сондай-ақ, Ақ Орда мен Қазақ хандығының арасындағы байланыс қазақ мемлекеті тарихының бірегейлігін көрсетеді. Ақ Орда – Қазақ мемлекетінің бастауы, ал Орыс хан Қазақ хандарының атасы. Орыс ханның ата тегі жайлы тарихта екі пікір бар (Т). Бірі, Орыс ханды Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқай-Темір әулетінен таратса, екіншісі, Орыс ханды Орда Ежен әулетінен таратады. Бірақ та, Шыңғысхан ұрпақтары көшпенділер және отырықшылар болып екі топқа бөлінгенде, Тоқай-Темір ұрпақтары отырықшылықты ұстанды, ал Орда Ежен ұрпақтары көшпенділік салтын сақтап қалды. Осыдан барып, біз қазақ хандарының түп тамыры Орыс хан – Орда Ежен әулетінен деген екінші бағытты ұстанамыз. Олай болса Орыс ханнан бастау алатын Қазақ хандығының әулетін Тоқай-Темірден тарату мүмкін емес, олар – Орда Еженнен тараған Орыс ханның тікелей ұрпақтары (А). Орыс хан әулетінен әйгілі болған үш тармақ тарайды: 1) Тоқтақия шаңырағы. Бұл шаңырақтан Қазақ хандығының ең алғашқы ханы Керей хан ұрпағы тарайды. 2) Темір-Мәлік шаңырағы. Одан Алтын Орданың соңғы хандарының ұрпақтары тарайды. 3)Құйыршақ хан шаңырағынан Барақ хан тарайды. Барақтың ұлы Жәнібектен Кенесары Қасымұлына дейінгі барлық хандар осы шаңырақтан тарайды. Осы дәлелдемелерге байланысты, “Қазақ хандарының атасы” жайлы сөз қозғалғанда, тарихшылар Орыс ханға тоқталған. Тарихшы Құрбанғали Халид те өзінің “Тауарих хамса” атты еңбегінде “Төрелердің атасы туралы көн сөз болып, соның лайықтырағын келтірдім: Негізіміз Орыс ханға тоқтайды” деп жазады (А). Қазақ хандары Керей мен Жәнібек Ақ Орда ханы ретінде Әбілқайырға бағынбай, өздерінің саяси жеке биліктерін сақтап қалды. Керей мен Жәнібек бастаған топ Шайбаниліктерге қарсы күресін жалғастыру үшін майдан аумағын кеңейтуге жұмыстанды (Т). Орыс хан ұрпақтарының осындай қадамдарының бірі Керей мен Жәнібектің 1455-1456 жылдары Шу бойына келіп қоныстануы. Бұл қадамның екі мақсаты болды. Біріншісі, Жетісуға келіп Ұлы жүзбен табысу. Екіншісі, Шайбаниліктер басып алған аумағын азат ету. Бұл Қазақ халқының тәуелсіздігіне ұмтылған арман-мақсаттарына ұйытқы болған, маңызы зор елеулі оқиға. Керей мен Жәнібектің бұл жолғы қадамы қазақтар саяси билігін өз қолына алып, іс жүзінде Ақ Орданың туын қайта көтерген оқиғамен аяқталды (А). Жәнібек пен Керей қол жеткізген саяси билік тарих сахнасында “Ақ Орда” емес, “Қазақ хандығы” деген атаумен қалды. Аталып отырған оқиғаның саяси тұлғалары Орда Еженнен тараған Орыс хан ұрпақтары еді. Қазақ хандығы
Қазақтың алғашқы мемлекеті емес, Қазақтың алғашқы мемлекеті деп танылған Ақ Орданың тікелей ізбасары. Егер Керей мен Жәнібек шаңырағын қайта қалаған ел қазақтың алғашқы мемлекеті болмаса, Қадырғали Жалайри “Жәнібек хан атасының ұлысын өзі биледі” деп жазбас еді. Ал 1465-1466 жылы Ақ Орда “Қазақ хандығы” деген жаңаша атаумен бой көтеруі, Қасым хан тұсында Дешті- Қыпшақ халқының басын қайта біріктіруі Қазақ халқының аумақтағы жетекшілік рөлін арттырды (А). Қорытындылай келе, Ақ Орданы қазақтың алғашқы мемлекеті деп атасақ бұл мемлекеттің қарашаңырағын алғаш көтерген Шыңғысханның ұлы Жошы, ал мемлекет ретінде нығайтқан Орда Ежен мен олардан тараған қазақ хандары. Қазақтар, қазақ этнотерриториясы Ақ Орданың айналасында қалыптасты. Қазақ бөлімдері бірнеше уақыт бойы өзге үш биліктің қарамағында болғанымен өзара сабақтастықта жатты. Олар Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы. Мысалы қазақтың Ұлы жүз бөлімі, оның аумағы Ақ Орда және Моғолстан, Орта жүз бөлімі Ақ Орда және Сібір хандығы, Кіші жүз бөлімі Ақ Орда және Ноғай Ордасы айналасында шоғырланды. Тегі, түп-тамыры, салт-дәстүрі, мәдениеті бір топтар әр түрлі ордалардың қол астында жүрсе де Ақ Орда арқылы жалғасып Қазақ территориясы мен ұлтының қалыптасуында едәуір үлкен рөл атқарды. Осыған дейінгі Ақ Орда территориясы Қазақ мемлекетінің билігінде түгел сақталды. Оған Моғолстан билігінде болған Жетісу, Ноғай Ордасы билігіндегі Үстірт, Каспийдің Қазақстан жағалауы, Шайбаниліктердің билігіндегі Батыс Сібір бөлімдері қосылып, Қазақ территориясын қалыптастырды. Ал Ақ Орда осы қалыптасудың басты ұйытқысы болды. Ақ Орда мемлекеті қазіргі кездегі Қазақстан этнотерриториясының 60-65%-ын қамтиды. Алтын Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдыраған уақытта жоғарыда аталған бөлімдер Ақ Орда династиясы билігіндегі өз этнотобына келіп қосылып қазақ ұлтын құраған болатын. Әрине Ақ Орда бос ғаламшарда пайда бола қойған жоқ. Ол ғасырлар бойы Қазақ сахнасында өмір сүрген Сақ, Үйсін, Қаңлы, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Қимақ, Қыпшақ, қазақ мемлекеттілігінің қайнар көздері болып есептеледі. Ақ Орда, Қазақ хандығының қайсы бірін алсақ та Қазақ мемлекеттілігінің басында Орыс хан және оның ұрпақтары тұр. Қай жағынан айтсақ та Ақ Орда - Қазақ мемлекетінің қайнар көзі, ал Орыс хан қазақ хандарының атасы деп айтуымызға болады. Жошы хан және оның ұрпақтары Қазақ мемлекетін қайта құрып, қазақты ұлт ретінде, Қазақ елінің қабырғасын нығайтуға зор үлесін қосты. Ақ Орда “Қазақ хандығы” атауымен Қазақ мемлекетінің қайтадан құрылуының алғышарты болды. Ол Шыңғысхан ұрпақтары билеген басқадай ұлыстармен салыстырғанда этникалық тұрғыдан халқының біртұтастығымен ерекшеленетін, Ақ Орда әскери-саяси құрылымы, этникалық құрамы, аумақтық қамтылуы, Орда Ежен әулеттік билігінің жалғастығы барлық жағынан Қазақ хандығында өз келбетін табуына қарап Ақ Орда ортағасырлық Қазақ мемлекеттілігінің болашақ үлгісі болып табылатындығын және Ақ Орданың ауқымында этникалық тұрғыдан бірлесіп шыңдалған қазақ халқы қалыптасты деген қорытындыға толық көз жеткіземіз.