




























































































Study with the several resources on Docsity
Earn points by helping other students or get them with a premium plan
Prepare for your exams
Study with the several resources on Docsity
Earn points to download
Earn points by helping other students or get them with a premium plan
there are some documents about law and it’s not related to university students
Typology: Essays (high school)
1 / 417
This page cannot be seen from the preview
Don't miss anything!





























































































Қурастырган ҒАБИТОВ Т.Х.
Қазақстан Республикасы Білім және гылым Министрлігі жогары оқу орындары мен колледж студенттеріне оқулық ретінде ұсынган
КІРІСПЕ
Үсынылып отырған окулык «Модениетгану» пәні бойын-
ша Қазақстанда сегізінші рет шығарылып отыр. Бұл еңбек элемдік
және Отандык модениетгану ілімінін соны жетістіктсрі мен осы пәнді
республикада окытудагы методикальпс-одістемелік тәжірибе негізінде
орындалған. Сегізінші басылымда оқырман пікірлері ескеріліп, то-
лыктырулар енгізілді.
Талай ғасырлардың сын елегінен откен, олемді меңгерудің мейлінше бай тәжірибе-гагылымы бар, нсбір тарихи дәуірлердің ру- хын жинактаган, арман-ойларын, үміттері мен межелсрін уакыт
сүзгісінен өткізген мәдениетгін теориясы мен тарихының рухани-шы-
гармашылық маңызының зор екеңдігі анык. Кітап авторларының мак- саты — модениеттану ілімінің коғамдағы орны мен рөлін, оның тео- риялык негіздері мен әлемдік озык үлгілерін, казак халқының бай мәдени мүрасы мен рухани іздсністсрін окырман кауыммен бірге тад- кылау. Модениеттану моселелері, әсіресе. бүрыинан калыптаскан күвды- лықтар жүйесін кайта қарау кезендерінде заман талабына айналады. Мыңжыддықтар тогысында тек казак халкынын дәстүрлі мәденнеті емес. сонымен бірге бүкіләлемдік оркениет пен мәдениетгің түбегейлі өзгеруін көріп отырмыз. Бұл ретте бірнеше багдарлар айкындалып түр: — байырғы дәстүрлі модениетті мансүктаушылык, ескі өркениет өрнектерін сол қалпында жандандыруға тырысушылық; — Ф. Ницше айтқандай, «барлык күндылыктарды кайта қарау», «Үлы бас тарту», моденн сабақтастыкты елемеу; — әлемдік оркениеттсрдің жана тортібін қалыптастыруға катысу, халыкгын рухани бастаулары мен әлеуметгік-саясн типтерін коғам- дагы озгерістерге байланысты, жаңа ағымдарга үйлесімді үштастыру, мәдениеттің қайта өркендеуіне қолайлы жағдайлар тугызу, мәдени
деңгейге немқұрайлы қараудан арылу, этномәдениеттің типтік ерекшеліктерін анықтау, оларды дамыту, дүниежүзілік үвдестікпен бір ырғақта болу. Бұл мәселені сыртқы бір үлгіні қабылдау арқылы шешу — айтуға ғана жеңіл нәрсе. «Өліараның» тар қүрсауынан шығу үшін алдымен адамдардың санасын күрт өзгерту қажет. Бұл, әсіресе, тоталитарлық сананың терең ұяланған менталитетін өзгертуге байланысты. Жоғары жақтан келетін Жалғыз Дүрыс Тәртіпке негізделген мәдениетге таң- дау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та болмаған. Ав- торитарлық әкімшіл мәдениет түлғасыз қалады, овда адамның орнын қуыршақ-функционер, руханилықты жалаң идеология ауыстырады, жиі айтылатын «қоғамдық мүдде жеке адамның мүдцесінен жоғары болады» сияқты тезистер қоғамдық енжарлыққа, адамгершілік саңы- раулыққа өкеледі. Өркениеттіліктің дайын үлгілерін сырттай формалды түрде қабыл-
даған мәдениет өзінің рухани немқүрайлы ішкі табиғатында манипу-
ляцияланған тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық кон-
формистерді және қиратушы нигилистерді қалдырады. Тек түлғалық
дамудың көпырғақты шексіз полифониясы аркылы мәдениетгіліктің
сара жолына шыға аламыз.
«*
Мәдениет үғымы, курылымы және кызметтері
Адам өмірінің басты мақсаты — мәдениет үстында- рына сүйене отырып, өз бойындағы қасиетті дәйекті де түғырлы етіп тәрбиелеп, жүзеге асыру. Мәдениеттің өзі өмірдің тиянақ- тылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, түрақтылы- ғын қамтамасыз ететін бірден-бір институт. Соңғы онжылдық- тар орамында көп деңгейлі және көп мағыналы болып табыла- тын осы мәдениет феноменіне деген қызығушылық арта түсті. Мүның бір себебі — бүгінгі қоғам омірінде дойексіздік, түрақ- сыздық, тиянақсыздық, келеңсіздік сынды белгілер дендеп бара- ды. Мәселен, ата-анасы мен баласы арасындағы түсініспеушілік, дау-жанжал (кейде тіпті кол жүмсаушылық), адамдардың бір- біріне сенімсіздік танытуы, бір мемлекеттің азаматтары арасын- дағы үлттык, нәсілдік, діни түрғыдағы алауыздық, еш себепсіз бірін-бірі жек көру, т.с.с. негативті бейсаналыкқа, эмоцияларға негізделген келеңсіз жағдайлар коғам, мемлекет өмірінде өлемдік деңгейде орын алуда. Мүнын себебін іздеп, нақтылап анықтау керек. Ал қогам оміріндегі модениетке тән функциялардың бірі - бүл реттеу функциясы (немесе нормативті) функция. Оның негізгі моні — адамдардың коғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мөдениет мораль мен қүқықка негізделе отырып, адамдардың мінез-қүлқына ықпал етеді. Негізі, модениет туралы түсінік бір жакты да, бір сатылы да емес. Модениет үгымы аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, үлтқа, мемлекетке жоне жалпы әлемге қатысты мәдени пози- циялар жүйесі енеді. Осы арада айта кететін бір жайт, зерттеуші мәдениетті анықтаудағы үш түрлі көзқарасты қолдана отырып, соған тән барлық үдерістерді толық қарастыра алады. Яғни, тарихи (уақыттылық) — қандай да бір мәдени қүбылыстардың
өмір сүру уақыты және орны; формалды-функционалды (уақыт- тан тыс) — мәдениетгің қызметі мен қүбылыстарын талдау, олар- дың уақыттан тыс, қайталанатын және кері үдерістерін, интег рация мен дезинтеграцияны түсіну; формалды-уақыттылық үдеріс, әдетте, мәдениеттің өсуі немесе дамуы деп атайды — бүл мәдени жүйенің әр уакытта өзгеруі, бір форманың алдың- ғы формадан шығуы және келесі бір формата айналуы. Бүл үдеріс аясында өзгерістер жеке қүбылыстармен емес, мәдени құбылыс- тардың сыныптарымен орын алады. Мәдениет үғымына адамзат қоғамының өндірістік, қоғамдық және рухани өміріндегі жетістіктер, ережелер мен тәртіптер жи- ынтығы, тәрбие, білімділік белгілері, т.с.с. түсініктер кіреді. Ауыл- аймақтар, этникалық топтар, халықтар, діни үстанымдар — бүлар- дың барлығы мөдени әралуандылық деңгейін көрсететін өзіндік ерекшелігі бар белгілі бір мәдениетке ие. Мәдениет туралы XX ғасырдың гуманисі Альберт Швейцер былай дейді: «Мәдениет дегеніміз адам баласының және бүкіл адамзат прогресінің жи- ынтығы, ал бұл прогресс индивидтің рухани жетілуіне ықпал етуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл прогресс мәдениетке апар- майды» (Культура и этика. М.: Прогресс, 1973. 103 б.). Яғни, бүл прогресс адам баласының рухани жетілуінің белгісі болып табылады және солай болуы тиіс те. Прогресс дегеніміз тек гы- лыми техникалық прогресс емес, керісінше, рухани дүниенің, қазынаның, кұндылықтың, болмыстың өркендеуі болуы тиіс. Біріншіден, мәдениет адам баласы жасаған не әлі де жасай- тын туынды дүниелерден түрады, яғни адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бүл жағынан ал- ғанда мәдениет табиғатқа қарама-қарсы, былайша айтқанда, жасандының табиғиға қарсы қойылуы. Екіншіден, мөдениет қоғаммен сәйкес те, сәйкес емес те, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен табиғи сипаттағы факторлар қоғамда аз орын ал- майды. Үшіншіден, және де бүл ең бастысы, мәдениеттің маз- мұны адамды «жасау», тәрбиелеу, қалыптастыру болып табы лады, ягни адамның би ологиялы қ жағынан түлға болуы (өлеуметтік адам). Бүл үдерісте адамның өзін дамытуы үшін жасалған қызмет жүйелері мәдениетке жатады. Осылайша біз мәдениетті адамның табиғатты түрлендіруінің саналы қызметі, материалдық және рухани салаларда іске асырылған осы қызметтің нәтижесі ретінде түсінеміз. М әдениеттің қоғам өміріне белгілі бір д әй ектіл ік пен позитивті дамуы бойынша әсеріне катысты «мөдениет» үғымы
Кант белгілі кесімді императивті тұжырымдады, оған сәйкес егер қылық универсалды, жарамды болса, жақсы болып саналады. Осыдан әділеттілік жалпылық болады, әділеттілік дәрежесі уни- версалдылық дәрежесіне сай келеді. Мәдениет — философиялық ой-толғамның аса маңызды, те- рең теориялық мәнді үғымдарының бірі. Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Қыскасы, бұл үғым саналы іс-әрекет жемісін даму үдерісінде корсетуге багытталган. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік модениеті бар. Сол сияқты орбір халықтың өзіне ғана төн дөстүрлері бо лады. Бүдан модениеттің көптүрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптылықты теріске шығарады деген қорытынды туында- мау керек. Керісінше, мәдениеттің нақтылы — тарихи түр алуы он ы ң м азм үн ы ны ң к ү р д ел іл ігін жоне ондағы ж алпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Көпшілікке арналган әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салалармен байланыстыра қарау басым. Шындап кел- генде, мәдениет — адам орекстінің, адамның саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оган рухани да, материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам болу үшін адам еңбек қүрал- дарын жасап, сөйлесіп, пікір алысып, өзгелермен түсінісуі қажет. Модениеттің философиялық сипаттамасын онын күрылымы арқылы көруге болады. Ресми одебиетте «саяси модениет», «эко- номикалықойлау мәдениеті», «адамгершілік мэдениеті», «тәрбие мәдениеті», «үлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген мәде- ниетке катысты сөз тіркестері кездеседі (Қазбеков Н.А. Мәдени- ет жоне модениеттанулық концепциялар. Қарағанды: Болашақ- Баспа, 2003. 32 б.). Олардың оркайсысы, жекелеп алып Караган да, философиялық моселелер. Басқаша айтқанда, философия мен модениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын ала- тын келелі, күрделі күбылыс екенін бөліп қарау қажет. Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы кейде «Батыс — Шыгыс» сынды бүрыннан белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы қарастырылады. Батыс және Ш ығыс м әдениеттері арасы ндағы ү й л есім д іл ік нем есе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және әлі де өз шешімін таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг үсынды: «Батыс ол Батыс. Шығыс ол Шығыс. Олар ешқашан қосыл- майды» деп. К. Юнг те осындай көзқараста болды. Ол Шығыс мен Батысқа тән ойлау типтері соншалық өзгеше болғандык- тан, олардың қосылуы мүмкін емес, әрі кажет те емес деп ссептеді. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс
бірыңғай әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл «алқалық» үстын- дардың толық жеңуіне негіз болады деп санады. Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан мате- риалдық жоне рухани модениет белініп шығады. Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс саласы мен оның өнімдерін - техниканы, технологияны, байланыс және комму никация құралдарын, өндірістік ғимараттарды, жолдар мен кө- лікті, түрғын үй, түрмыстық заттар мен киім-кешекті қамтиды. Рухани модениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелерінен — дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан кура- лады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылымның туындыларынан қүралатын көркем модениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады. Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның баста- уында рухани басы — адамның материалдық формата айналды- ратын идеясы, жобалары, ойлары түр. Әйтсе де, материалдық жоне рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы емірде олар тығыз байла- нысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып түрады. Тек материалдыққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мөдениеттің бірқатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық). Адамдарга әсері бойынша мәдениетті прогрессивті және реак- циялық деп бөледі, өйткені модениет тек өнегелі түлғаны ғана емес, өнегесіз тұлғаны да төрбиелейді. Моральдық модениет — адамдардың өздері жасаған заттық жоне рухани қүбылыстары- ның әлемі ретінде түсінілетін мөдениет, онда дүниені игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан жоне әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілетгері мен мүмкіндіктері дамытылған, адами күштері іске асырылған. Модениет — бүл адамның текті жан ретінде қалыптасу нотижесі, шарты. Моральдық мәдениетті қоғам мен индивидтер қол жеткізген адамгершілік деңгей бойынша, әлеуметтік субъектілер қатына- сындағы адамгершілік пен адамға деген қатынастың мақсатқа және өзін-өзі бағалау бағыты ретінде анықтауға болады. Экономикалы қ мәдениетті мәдениеттің элементтері мен қ ү б ы л ы стар ы н ы ң к е ш е н і, э к о н о м и к а л ы қ с а н а -с е зім стеоротиптері, мінез-қүлық, экономикалық өмірдің үдайы ен- дірісін қамтамасыз ететін экономикалық институттардың мо- тивтері ретінде анықтауға болады.
ю
әлеуметтік-мәдени қайшылықтар мен кедергілерді көтере ал- м айды. Бұл қ а й ш ы л ы қ т а р мен к ед ер гіл ер — ад ам н ы ң мәдениеттілігінің емес, мәдениетінің аздығының? әлеуметтік эгоизмінің, тарихи шектелуінің белгісі. Сонымен, қоғам болашағы үшін күресте субъективті сфера- ға көп күш түседі. Қазіргі заманда экологиялық танымды қалып- тастыру, қазіргі өркениетті басқарудың экологиялық үстында- рын жасау жөне экологиялық ғылым үсыныстарына сәйкес мәдени қүндылықтарды тексеру, экологиялық дағдарыс әсерінен мәдени қүндылықтарды оңтайландыру жолында күрес жүріп жатыр. XX ғ. соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әре- кеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық пробле- маларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды. Эколо- гиялық этика оның бір тарауы болып қалыптасты, оның адам- заттың мәдени дамуы үшін мәні күн өткен сайын өсіп келеді. Біздің ғаламшарымызда экологиялық мәдениет Еуропа елдерінде қалыптасқан техника культіне қарсы нақты дорежеде дамып келеді. Ал биосфера, өмір және адам культі техника культіне қарсы. Бүл экологиялық мәдениеттің бірінші ұстыны. Эколо- гиялық мөдениеттің екінші маңызды үстыны — биосфераның бейнесі ретінде адамды жыртқыш-адам өмірінен қорғау, адам- ды ізгіліктен, биологиялық өмір мазмүнынан ада физикалық- техникалық теориялардан қорғау. Жаңашылдық пен дәстүрлер — мәдениет дамуы үдерісінің екі жағы. Мәдениет түрақты және өзгермелі сәттерден тұрады. Мөдениеттегі түрақтылық, «инерциялық» — бүл дәстүр. Дәстүр- де мәдени мүрагерлік элементтері, яғни идеялар, қүндылық- тар, дөстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, үрпақ- тан үрпаққа беріледі. Дәстүрлер рухани мөдениеттің барлық формаларында болады. Ғылыми, діни, моральдық, үлттық, ең- бек және басқа да дәстүрлер туралы айтуға болады. Соның ар- қасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыспайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді. Дәстүрлер жүйесі қогамдық организмнің түтастығын, түрақ- тылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нөзік жөне күрделі механизмдері бүзылуы мүмкін. Ескі рухани қүндылықтарды, тарихи естелікті үмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес. Екінші жағынан, мәдени- етжаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуы- ның екінші жағы болып табылады. Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі — кез келген мәдениеттің әмбебап сипаттамасы. Моде-
ниетте дәстүрлер мен жаңарулардың, шығармаш ылықтың ортүрлі ара қатынасы қоғамдар үшін дөстүрлі жөне қазіргі негізді береді. Бірінші дөстүрлерде шығармашылыққа билік жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапкы түрінде өндіріледі. Өзгерістер жүйесіз және кездейсоқ жолмен дөстүрлер шеңберінде енгізіледі. Нор- мадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады. Мәдениет нормалары — нақты үлгілер, мінез-қүлық пен эре- кет ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалып- тасы п , б екітіл ед і. Осы деңгей де мөдени н орм аларды ң қалыптасуында дәстүрлі және аңдаусыз сәттер өте маңызды. Қабылдау дөстүрлері мен тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан үрпаққа беріліп отырған. Қайта өңделген түрінде мөде- ни нормалар идеологияда, этикалық ілімдерде, діни тұжырым- дарда Гске асырылған. М әдениеттің нормативтілігі адамдардың түлғааралы қ, көпшілік қарым-қатынастары және әртүрлі әлеуметтік инсти- туттардың жүмыс істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан үрпаққа рухани тәжірибені жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор рөл атқарады. Онда өмірге аттап басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, коршаған орта- ны түсіну және қатынас жасау ұстындарын, нормаларын игереді. Мөдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашык сипатта бола- ды. Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді. Мәдениет, негізінен, қарқынды түрде қоршаған ортаны, қоғамды, адамзаттың өмір сүру салтын өзгеріске үшырата ала- ды, сондықтан да ол өмір сүрудің шығармашылық факторы ретінде жоне қоғамдық жаңа өзгерістердің шексіз қайнар көзі ретінде бағаланады. Осыдан мәдениеттің потенциалын, оның ішкі байлығын іздеп табуға және оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға деген қүлшыныс туыңдайды. Адам баласы мәдениетті өзінің іш кі потенциалын жүзеге асыруы мен өзінің жеке ерекшелігін этап корсету құралы ретінде қарастыра отырып, модениеттің тарихи үдерістерін және адам баласына позитивті осер ететін жаңа түпсіз, шексіз импульстарын көре алады. Қай кезенде болмасын, философтар мен ғалымдар мәдениеттің мөн-мағынасын немесе мақсат-мүддесін анықтауға тырысқан болатын. Біреулер үшін мэдениет — қараңғы дүниедегі жарық іспетті, ал тағы біреулер үшін мәдениеттің мән-мағынасы — адам баласы табиғатының шексіз, үздіксіз өз-өзін жетілдіруінде және адамдарды материалды, интеллектуалды, рухани қүрал- дармен үздіксіз қамтамасыз етуіңде. Әлемдік философия тари- хында мэдениет концепциялары Иммануил Кант, И. Гердер,
шаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады. Сондықтан да, мәдениетті өзіндік ерекшелігі бар мән-мағыналар жүйесі ретінде түсініп-білу үшін адамдардың іс-өрекеттерінің және өзара өрекетгерінің мөн-мағыналарының түпкі сырьш ашып алу қажет. Бүл көзқарас түрғысынан қарағанда мәдениет адамдардың мінез- құлық өрекеттерінің себебі болып табылатын сыртқы күш емес, осы мінез-қүлық әрекеттің контексі болып табылады жөне осы контексте ғана іс-әрекеттің мән-мағынасын түсінуге болады. М әдениет — бұл белгілер өлемі ж әне белгілер жүйесі (мәдениетгің семиотикалық қызметі). Бүл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан жақын, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Белгілер мен мөндер мағынаға қарағанда оның рөміздік дөнекерлері болып табылады. Белгі деп басқа заттар туралы мөліметтерді сақтауға, қайта өндіруге жөне тасы- малдауға арналған затты-дүниені айтуға болады. Белгілер жүйесі белгілі бір мөдениет қалыптарының материалды тасымалдау- шы ретіндегі артефакті мен шынайылықты ой жүйесі арқылы қайта өндіретін жөне қүрайтын сана жүйесі (ментал) ортасында орналасады. Лесли Уайт адам баласының рәмізденуге деген қабілетіне тәуелді заттар мен құбылыстарды «символаттар» деп атайды (Уайт Л. Мөдениет ұғымын сараптау / / Мәдениеттану- лық мұра. Т. 1. Алматы: Жазушы, 2005. 21-38 бб.). Осылайша, белгілер адам баласының мағыналық іс-әрекетінің элементтері ретінде адамдардың рәміздеу (символизация) қабілеті көмегімен мәдениеттің құрылымдық мазмүнына кіреді. Олардың матери алды дәнекер болып табылатын артефактілерден ерекшелігі іс- әрекеттің рәміздік дөнекер болуында. Мөдениет —ақпараттык үдеріске қосылған өзіндік ерекшелігі бар механизм. Ол, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар ақпа- ратгарды қальптгастыратын және тасымалдайтын механизм болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, мәдениетгің өнімі —бүл белгілік құралдар арқасында қоғамда жасалынатын және сақталынатын өлеуметтік ақпарат. Мәдениеттің әлеуметгік қызметгері. Яғни: — мәдениет — халықтың немесе этностың әлеуметтік жады (сақтау қызметі). Яғни, ол әлеуметтік ақпаратгарды сақтау орын- дары н (м үраж ай, кітап хан а ж әне т.б .), ко м м у н и кати вті жүйелерді, мүра болып қалған мінез-құлық әрекеттердің схе- масын және т.с.с. қамтиды; — мәдениет — бүл әлеуметтік тәжірибені тасымалдау түрі (тасымалдау қызметі). Көптеген батыс және ресейлік әлеумет- тануш ы лар мына түсініктерді негізге алады: «өлеуметтік мұрагерлік», «үйретілген мінезді әрекет», «әлеуметгік бейімделу»,
«мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы» және т.б. Мұндай ың- ғай модениеттің құрылымдық және тарихи анықтамаларында жүзеге асады. Мысалы, мәдениет — бүл адам.»баласының өмір жағдайларына бейімделу әрекеттерінің жиынтығы (Уильям Сам нер, Артур Келлер); мөдениет белгілі бір қоғамға немесе топқа тән әдетті мінез әрекеттерінің түрлерін қамтиды (Карл Янг); мәдениет әлеуметтік мұраның бағдарламасы болып табылады (Н. Дубинин). Американдық мәдениеттанушы А. Кребердің тұжырымы бо- йынша, орбір мөдениеттің негізінде қандай да бір модель жа- тыр, ал ол модель өзгере отырып оның ерекшелігіне және мінез- қүлқына сәйкес келетін дүниені өз бойына сіңіріп, қабылдай- ды. Уақыт өте келе модельдің мүмкіндік ауқымы кеміп, адам баласының іс-әрекеттер аумағына және жүйелеріне ықпал ете алмайды. Сонда мәдениеттің ескірген моделінің «өмір сүруі» тоқтайды. «Мәдениет өмірінің тоқтауы» оның толық жойылуын білдірмейді, өйткені ескі модельдің орнына ескі мәдениет негізінде қалыптасқан жаңа (инновациялық) модель келеді. Модениет адамзат әрекетінің нотижесі болып табылғандық- тан адамдар жиынтығынсыз тіршілік ете алмайды. Бұл жиын- тық, түтастық модениет субъектісі және оның жаратушысы, со- нымен қатар, модениет тасымалдаушысы болып табылады. Сон- дықтан адам баласы өз-өзін әрдайым тек ұлттық нышандарға негізделген нормалар жүйесімен ғана тәрбиелемеуі тиіс, ол керісінше, жалпы адами қасиеттерді дөріптейтін, арттыратын нормалар жүйесімен төрбиеленгені дүрыс. Бүл — адамгерші- ліктің басты бағыты. Өйткені оқшауланушылық менмендікке, рухани жоне материалды дағдарысқа әкеледі. Адамзат бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, оларға өрдайым сүхбат қажет. Сүхбат арқы- лы адам баласы, үлт, мемлекет өзінің табиғатын, мәнін, «Менін» анықтап, танып, оны ары қарай өсіріп, дамытып отырады. Сүхбат эскери жорықтар, миграция, туризм, ақпарат алмасу және өзге де үдерістер арқылы жүріп жатады. Мөдениеттің басты қызметі — бүл адамзатты адамгершілікке тәрбиелеу. Адамзаттың даму тарихы бірнеше уақыт кезеңдерін бастан кешті жоне де әр кезең адамзатқа үлгі-өнеге, сабақ болар оқига- ларға толы. Әр уақыт кезеңінде модениет өзіндік ерекшеліктерге ие болып отырды, осындай күйлерге ие болтан мәдениетті әмбе- бапты модениет деп атайды. Әмбебапты мөдениеттер дегеніміз белгілі бір кезендерге және ғылыми білімдер мен техникалық құралдардың белгілі бір даму сатыларына төн эпистемалық үстындар жүйесі.
<*
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соң- ғы ширегінде қадыптаса бастады, сондықтан да оны өді де бол- са буыны бекімеген жас ғыдымдар садасына жатқызамыз. Мәде- ниеттану — мөдениет турады ғыдым, сонымен қатар фидосо- фиядық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәде- ниет философиясын қамтиды. Мәдениеттану коғамда болып жат- қан түрлі үдерістерді (м атериалды қ, өлеум еттік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет да- муының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің үстаным- дарын және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғы- лыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайлары- мен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыс- тарымен, тәуелділіктерімен зерттейді. Мәдениеттану пөні сонымен қатар жергілікті жөне аймак- тык мөдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара бай- ланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мираскорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртүтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени үдеріс- терге ғылыми түрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлык ғылымдар саласына ғана емес, жалпы тео- риялық пәвдер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бүл пән адамзат баласының мәдени өміріңдегі толып жатқан қүбы- лыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтар- дың, психологгардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық гылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шын- дығында да, мәдениеттануға осы уакытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтканда, антропология, психология, тарих, пе дагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.
Антропологияның басты бағытының бірі — қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы түрғыдан алып Караган да, «антропология» мәдениет деген үғымның мағынасын анық- тауда үш жағдайға назар аударады. Олар: 1) Қоғам мен адам- ның мәдени қалыптасуы (ағартушылық); 2) Қоғамдық жөне адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғүрыптардың, қалыптас- қан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің жөне т.б. жиынтығы (бірлігі); 3) Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мөде- ни қүндылықтарға қарсылығы. Мәдениетке антропологиялық түрғыдан берілген бүл анықтаманы модениеттану саласындағы көптеген сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмпери- калық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлеуметтік антропология» өлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бүрып кетті деп пайымдап, ал «мәдени антропология» деп ата- латын антропологияның басты саласы — психология мен та- рихқа ден қойды деп түжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау өзіміз қарастырып отырған антропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынада түсіндіруге әкеліп согары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасыр- лар бойғы даму жолынан өткен социология да дөл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға карсы қояды. Дүние жүзі халықтары мен этникалы қ топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым-қатынастарын зерттейтін этнография ғылыми адамзат ба- ласының өткен заман мен бүгінгі тандағы мәдениеттің мол мура- сын игеруде және оны ғылыми түрғыдан ашып көрсетуде ай- рықша роль атқарып отыр. Этнография ғылымы белгілі бір ха- лықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қай- сысының болсын материалдық және рухани мөдениет саласын- дағы жетістіктеріне үлкен қүрметпен қарауга үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін коса білді. Егер антропология мен этнография адамның биоло- гиялық белгілеріне сүйене отырып, мәдениетпен «жаратылыс тану ғылымдары» ретінде үйлесімділік тапса, қоғамды жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану (социология) гылымының био- логиямен байланысы жоқ. Социология мемлекет, таптар, топ- тар, сословие және одан да үсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқа- ратын қызметіне қарай зерггейді. Көп уақытқа дейін КСРО-да